Күйшілер одағы біліктілік арттыру курсын өткізді

Қараша айының (2019 жыл) 4-9 жұлдызы аралығында «Күйшілер одағының» ұйымдастыруымен «Шәкірт тәрбиелеудегі күй үйретудің методикалық ерекшеліктері» атты біліктілік арттыру курсы өтті. Курсқа Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш, Жазқазған қалаларының музыка мектептері мұғалімдері қатысты. Read More

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 4 – 9 қараша аралығында БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН өткізеді. Курс тақырыбы: «Шәкірт тәрбиелеудегі күй үйретудің методикалық ерекшеліктері».  Курс музыка колледждері мен музыка мектептерінің ұстаздарына арналған. Read More

Петропавлда «Күйшілер одағының» облыстық күй фестивалі өтті

15-мамыр күні «Күйшілер одағының» ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Арқа күйшілік мектебіне арналған «Қосбасар» күй фестивалі өтті. Басты мақсаты күйшілер өнерді насихаттау болып табылған фестивальде жергілікті өнерпаздар домбыра, қобыз, жетіген аспаптарымен күй шертті. Read More

«Алмас қылыш. Қазақ хандығы кезіндегі күйлер» концерті өтті

19-сәуірде «Күйшілер одағының» ұйымдастыруымен «Алмас қылыш. Қазақ хандығы кезіндегі күйлер» атты күй кеші өтті. Қазақ ұлттық өнер уинверситетінің Жамбыл атындағы үлкен залында өткен концерт тарихи күйлерге арналды. Домбыра күйлерімен қатар, қобыз, сыбызғы, үш ішекті домбыра күйлері де тартылды.

 

«Күйшілер одағы» Петропавлда оқушылармен кездесу өткізді

16-сәуір күні Петропавл қаласында «Күйшілер одағы» мен «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бірлесе ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуде «Күйшілер одағының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал жетекшісі Руслан Асылхан Одақтың жұмысы мен алдағы жоспарларымен таныстырып өтті. Read More

Шәріпбаева Ақнар Тәттібайқызы

Күйшілер Одағының» мүшесі. Атырау облысы бойынша филиал жетекшісі.

1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Ықылас Дүкенұлының (1834-1916) ұрпағы.

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандырылған қазақ музыка мектебін 1997 жылы,  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының қобыз пәні бойынша, доцент Әбдіманап Жұмабековтен 2002 жылы бітірген. Read More