«Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі 28.01.2019 күні Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

 Одақтың мақсаты – күйшілер мен күйшілік өнерді насихаттап, күйшілерге кәсіби біліктілігін арттыру үшін шығармашылық орта қалыптастыру.

Одақ қызметінің мәні:

  1. күй мен күйшілік өнерді қазіргі ақпараттық және инновациялық технологияларды, БАҚ пен медиа мәдениетті пайдалана отырып сақтау, насихаттау;
  2. Бірлестік мүшелеріне шығармашылық потенциалын арттыру үшін жағдайлар жасау;
  3. күйшілер арасында шығармашылық байланысты нығайту;
  4. күйтанумен айналысатын ұйымдар мен тұлғалар қызметін біріктіру және үйлестіру;
  5. мемлекеттік қоғам институттарына мемлекеттік саясатты, мақсаттық және басқа да бағдарламалар мен жобаларды дайындау және жүзеге асыруда, күйшілік өнер саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге жәрдем ету;
  6. күй мен күйшілік өнерді насихаттауға арналған түрлі акциялар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
  7. жастар мен жасөспірімдерге мәдени мұраны үйрету мен табыстау.

 

Одақтың келесідей құқықтары бар:

  1. қызмет жоспары мен бағдарламасын өз бетінше дайындауға және бекітуге;
  2. филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
  3. мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға ұсыныстар енгізуге;
  4. өз қызметі барысында азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа түсуге;
  5. отандық, шетелдік мекемелер, ұйымдармен және олардың өкілдерімен өз қызметінің мәселелері бойынша іскерлік қатынасқа түсуге;
  6. мүшелердің іссапарлары мен тағылымдамаларын (оның ішінде шетелге) ұйымдастыруға,
  7. республикалық және жергілікті мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың ұсынысы бойынша олар берген материалдарға тәуелсіз сараптама ұйымдастыруға;
  8. Бірлестіктің әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалары мен жобаларын (оның ішінде коммерциялық негіздегі) мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыруға;
  9. меншігіндегі ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, ақшалай қаражатты, құнды қағаздар мен басқа мүліктерді пайдалануға және иелік етуге;
  10. жарғылық міндеттерді орындау үшін қазіргі заңнамаға сәйкес шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге салымшы ретінде қатысуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға, қауымдастықтар мен одақтарға кіруге;
  11. өз атынан шарттар, келісімшарттар, келісімдер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға және міндеттерді орындауға, теңге және шетелдік валютамен өз есепшоты болуға, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға;
  12. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртіпте басқа құқықтарды және кез келген қызметті жүзеге асыруға

 

«Күйшілер Одағының» мүшелігіне өту үшін ақпарат (басыңыз)