«Күйшілер одағы» Петропавлда оқушылармен кездесу өткізді

«Күйшілер одағы» Петропавлда оқушылармен кездесу өткізді

16-сәуір күні Петропавл қаласында «Күйшілер одағы» мен «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бірлесе ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуде «Күйшілер одағының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал жетекшісі Руслан Асылхан Одақтың жұмысы мен алдағы жоспарларымен таныстырып өтті.

Кездесу барысында мектеп оқушылары қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, өнерпаздарға өз сұрақтарын қойды.

Атап айтқанда, домбыра мен қобыздың, жетігеннің шығу тарихы, түрлі күйлердің аңыздары айтылды. Іс-шарада оқушылар да өз сұрақтарын қойып, қазақтың ұлттық музыкасы жайында білгендерімен бөлісті. Шара соңында осындай жиындарды дәстүрлі түрде өткізуге келісіп, қатысушылар естелік суретке түсті.

«Күйшілер одағының» жаңалықтары 

admin

1 comment so far

Надирбеков Posted on1:36 тк - Сәу 17, 2019

Тамаща