Нуретдинов Марат Камаратдинұлы

Нуретдинов Марат Камаратдинұлы

«Күйшілер Одағының« мүшесі. 

1988 жылы 15 қарашада Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келді.

№ 3 Кәсіптік техникалық училищесін (2007 ж.), Қаскелең мәдениет колледжін (2016 ж.) тәмамдаған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дайындық курсынан дәріс алған.

2010 жылдан Жаңаөзен қаласындағы «Өнер» МКҚК мекемесінде қызмет жасап жүр.  2012 жылы «Отанға арнау» жеке күйтабағы жарыққа шыққан.

Республикалық, облыстық, аймақтық, байқаулардан, ақындар мүшәйрасынан бірнеше мәрте жүлдегері. Шығармалары Қазақ радиосының «Алтын қорына» енген.

admin