Нәдірбеков Жақсылық Рзаханұлы

Нәдірбеков Жақсылық Рзаханұлы

«Күйшілер Одағының« мүшесі. 

 1955 жылы 29 қантарда Қарағанды облысы, Балқаш қаласында туылды.

1980 жылы П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищені, 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Негізгі аспап (домбыра)» пәнінің оқытушысы.

Сармантай Ахметжановтың күйлерін алғашқы нотаға түсірген, күйлер Күләш Ыбыжанқызы Сардарбекованың «Зар заман» атты кітабында жарыққа шықты.

Дәстүрлі домбыра теориясын меңгеруге және өз бетімен домбыра үйренгісі келетіндерге арналған «Домбыра софт» атты тұңғыш компьютерлік бағдарламаның авторы.

«Күйдің негізгі бөліктері туралы»,  «Қазақ домбырасының регистрлік аймақтарына шек орнатуда визуалдық ойлау», «Домбыра музыкасының ережесі» сияқты онға жуық мақалалары республикалық және халықаралық ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалары жарияланған.

«Мағауия», «Балдыз», «Толғау», «Жаңылтпаш», «Тойға шашу», «Желтоқсан ызғары», «Байжұма», «Құлақ күйі», «Секіртпе», «Қоңыр қаздың сыңсуы» атты күйлері бар.

admin