Шәріпбаева Ақнар Тәттібайқызы

Шәріпбаева Ақнар Тәттібайқызы

Күйшілер Одағының» мүшесі. Атырау облысы бойынша филиал жетекшісі.

1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Ықылас Дүкенұлының (1834-1916) ұрпағы.

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандырылған қазақ музыка мектебін 1997 жылы,  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының қобыз пәні бойынша, доцент Әбдіманап Жұмабековтен 2002 жылы бітірген.

2004 жылы ҚазҰМА (Астана қ.) ассисентура-стажировкасын, 2016 жылы ММПУ (Мәскеу қ.) білім беру менеджменті бойынша магистратураны бітірген.

Х. Досмұхамедов ат. АМУ (Атырау қ.) «Музыкалық білім беру» оқытушы, кафедра меңгерушісі болып қызмет етті.

Қазір Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің жеке орындаушы – қобызшысы.

Республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдердің лауреаты, ғылыми журналдар мен халықаралық конференциялар жинақтарында мақалалары жарияланған. Лондон қаласында шеберлік дәрісін оқыған.

«Ықыластың қобызы» атты  ән жинағының (2013 ж.), «Бұлақ көрсең, көзін аш» кітаптарының авторы (2016 ж.). «Асуы биік оркестр» атты академиялық Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық оркестрінің деректі-суретті тарихи шежіренің құрастырушысы (2019 ж.).

Орындаған күйлері «Алтын қор» мен көптеген халықаралық және республикалық жобалар бойынша дайындалған дискілерге енгізілген.

Өнер сапарларымен республика көлемінде, Қырғызстан, Ресей, Сербия, Мажарстан, Түркия, Германия, Австрия, Франция, Англия елдерінде дәстүрлі қобыз өнерін  насихаттаған. Бірнеше әннің композиторы.

admin