Кенжеғалиев Асқар Мұхамбетқалиұлы

Кенжеғалиев Асқар Мұхамбетқалиұлы

«Күйшілер Одағының» мүшесі. Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал жетекшісі.

1980 жылы 30 наурызда Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылдық округі, Айтпай ауылында дүниеге келген.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алған. Педагогика ғылымының магистрі. Диссертация тақырыбы:  «Батыс Қазақстан облысындағы дәстүрлі музыкалық білімнің дамуы мен қалыптасуы».

Орал қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернат  кешені өнер бөлімінің домбыра және оркестр мамандығы бойынша мұғалім, Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінің домбыра аспабының оқытушысы әрі оркестр, ансамбль жетекшісі және халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2014 жылдан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі

«Домбырашы ұстаз – Мұхит Айтқалиев» атты еңбектің авторы, «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» атты халықаралық экспедиция мүшесі, «Құрманғазының туған жері» және «Күй-құдырет Құрманғазы Сағырбайұлы»  атты ғылыми мақалалары жинақтарға басылған.

Облыстық «Дала дарыны» конкурсының (2003ж), Оқап Қабиғожинге-100 жыл толуына орай өткізілген Республикалық домбырашылар байқауының (2004ж) лауреаты, 2017 жылы дирижер Шамғон Қажығалиев атындағы ІІІ-ші Республикалық конкурсының дипломанты (2017 ж). Республикалық «Атырау – асыл мекенім» атты ән композиторлары байқауының лауреаты (2013ж).

Гастролдік сапармен республика көлемінде, АҚШ пен Ресей мемлекеттерінде өнер көрсеткен.

«Атырау-Жайық», «Мерейлі Қызылоба», «Анаға хат», «Періште қыз», «Қататөбе әні», «Ғашығым», «Қазағым қайда барасың», «Аудиторлар гимні», т.б. әндері бар.

admin