Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы

Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы

 

 

 

 

 

 

«Күйшілер Одағының» құрметті мүшесі 

Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің «Құрметті қызметкері», Атырау облысының және Атырау облысы Жылыой ауданының «Құрметті азаматы», профессор.

А.Жайымов 1947 жылы 5-ші мамыр күні Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын 1978 жылы дирижер және домбыра мамандықтары бойынша бітірген. 1978-91 жылдары консерваторияның ұстазы, кафедра меңгерушісі, 1991-2007 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық Халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры. 1979-81 жылдары КСРО мәдениет министрлігінің жолдамасымен Монғолияның Ұлан-Батор қаласында дирижер, ұстаз-консультант болып қызмет атқарды.

Гастрольдік сапармен АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Австрия, Франция, Норвегия, Куба, Чехословакия, Қытай, Түркия, Ресей елдерінде болды.

А.Жайымов «Шалқыма», «Шаттанамын» жинақтары мен «Домбыра ойнау өнері», «Домбыра үйрету мектебі» (С.Бүркітов, Б.Ысқақов), жалпы білім беретін мектептің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Музыка» (Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов, Ж.Сәрсенбенов) оқулықтарының авторы.

kui