Category Жаңалықтар

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 4 – 9 қараша аралығында БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН өткізеді. Курс тақырыбы: «Шәкірт тәрбиелеудегі күй үйретудің методикалық ерекшеліктері».  Курс музыка колледждері мен музыка мектептерінің ұстаздарына арналған.

Дәріс оқитындар Айтжан Тоқтаған (профессор), Жанғали Жүзбай (ҚҰӨУ профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері), Раушан Малдыбаева, (профессор, өнертану ғылымдарының кандидаты), Еділ Басығараев (ҚҰӨУ доценті) т.б.

Курсқа қатысатын ұстаздардың аты-жөні (жеке куәлік бойынша), жұмыс орны мен байланыс телефоны жазылған өтінішті kuiodagy@mail.kz эл.поштасына жіберу керек.

Толық курстың құны (бір апта) – 37 600 теңге.

Барлық жол шығындары жіберуші тарапынан.

Барлық қатысушыға арнайы Сертификат (72 академиялық сағат) пен Одақ атынан шыққан қосымша методикалық құралдар (кітаптар мен күй аудиожинақтар) беріледі.

Курстың өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Қажымұқан 12/а, офис 502.

Сұрақтар бойынша: тел/WhatsApp: 8 705 506 92 64

Петропавлда «Күйшілер одағының» облыстық күй фестивалі өтті

15-мамыр күні «Күйшілер одағының» ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Арқа күйшілік мектебіне арналған «Қосбасар» күй фестивалі өтті. Басты мақсаты күйшілер өнерді насихаттау болып табылған фестивальде жергілікті өнерпаздар домбыра, қобыз, жетіген аспаптарымен күй шертті.

 

«Алмас қылыш. Қазақ хандығы кезіндегі күйлер» концерті өтті

19-сәуірде «Күйшілер одағының» ұйымдастыруымен «Алмас қылыш. Қазақ хандығы кезіндегі күйлер» атты күй кеші өтті. Қазақ ұлттық өнер уинверситетінің Жамбыл атындағы үлкен залында өткен концерт тарихи күйлерге арналды. Домбыра күйлерімен қатар, қобыз, сыбызғы, үш ішекті домбыра күйлері де тартылды.

 

«Күйшілер одағы» Петропавлда оқушылармен кездесу өткізді

16-сәуір күні Петропавл қаласында «Күйшілер одағы» мен «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бірлесе ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуде «Күйшілер одағының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал жетекшісі Руслан Асылхан Одақтың жұмысы мен алдағы жоспарларымен таныстырып өтті. Read More

«Күйшілер одағының» алғашқы отырысы өтті

14 ақпан күні еліміздің елордасында Қазақ ұлттық өнер университетінде ұлттық музыканың ділі болған күй өнерін насихаттауды мұрат қойған «Күйшілер одағының» алғашқы отырысы өтті.

Қоғамдық республикалық бірлестіктің отырысында алға қойған мақсаты мен міндеттерін, құқықтары жайлы бірлестік төрағасы Рүстем Нүркенов таныстырып берді. Отырысқа қатысушы қонақтар Астана қаласы филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, күйші ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Парасат орденінің иегері Айтқали Жайымов, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Еділ Басығараев, күйші Сәрсенғали Жүзбай, ҚР Ұлттық гвардия оркестрінің мүшелері, күйшілер Бақытжан Дүйсенғазин мен күйші Әбілғазы Ахмадиев, күйтану саласында еңбек етіп жүрген музыкатанушы ғалымдар Гүлнар Альпеисова, Раушан Малдыбаева, Айгүл Байбек, сонымен қатар арнайы Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облысынан да азаматтар келді. Read More